Автономды орнату пакетін жасау

Сіз және сіздің ұйымыңыздағы құрылғы пайдаланушылары бағдарламаларды құрылғыларға қолмен орнату үшін жеке орнату пакеттерін пайдалана аласыз.

Автономды орнату пакеті, Веб-серверге немесе ортақ қатынасы бар қалтаға орналастыруға, пошта арқылы жіберуге немесе клиент құрылғысына басқа тәсілмен жіберуге болатын орындалатын файл (installer.exe) болып саналады. Бағдарламаны Kaspersky Security Center қатысуынсыз орнату үшін, алынған файлды клиент құрылғысында жергілікті түрде іске қосуға болады. "Лаборатория Касперского" бағдарламалары үшін де, Windows, macOS және Linux үшін үшінші тарап бағдарламалары үшін де жеке орнату пакеттерін жасай аласыз. Үшінші тарап бағдарламалары үшін жеке орнату пакетін жасау үшін, пайдаланушы орнату пакетін жасау керек.

Жеке орнату пакетінің авторизацияланбаған тұлғаларға қолжетімді емес екеніне көз жеткізіңіз.

Жеке орнату пакетін жасау үшін:

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыру → Орналастыру және тағайындауОрнату пакеттері бөліміне өтіңіз.
    • Бағдарламаның негізгі терезесінде Операциялар ҚоймаларОрнату пакеттері бөліміне өтіңіз.

    Басқару серверінде қолжетімді орнату пакеттерінің тізімі көрсетіледі.

  2. Орнату пакеттері тізімінен пакетті таңдап, тізімнің үстінде Орналастыру түймесін басыңыз.
  3. Автономды пакетті пайдалану параметрін таңдаңыз.

    Нәтижесінде, автономды орнату пакетін жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  4. Шебердің бірінші бетінде, таңдалған бағдарламамен бірге Желілік агентті орнату керек болса, Желілік агентті осы бағдарламамен бірге орнату параметрі қосылғанына көз жеткізіңіз.

    Әдепкі бойынша, параметр қосулы. Құрылғыда Желілік агенттің орнатылғанына сенімді болмасаңыз, осы параметрді қосу ұсынылады. Желілік агент құрылғыда бұрыннан орнатылған болса, онда Желілік агентпен бірге жеке орнату пакетін орнатқаннан кейін, Желілік агент ең жаңа нұсқасына дейін жаңартылатын болады.

    Осы параметрді өшіретін болсаңыз, Желілік агент құрылғыға орнатылмайды және құрылғы басқарылатын болмайды.

    Егер таңдалған бағдарлама үшін жеке орнату пакеті Басқару серверінде бұрыннан бар болса, шебер бұл туралы хабарды көрсетеді. Бұл жағдайда, келесі әрекеттердің бірін таңдауыңыз керек:

    • Жеке орнату пакетін жасау. Бағдарламаның жаңа нұсқасы үшін жеке орнату пакетін жасаңыңыз келсе және сіз бұған дейін жасаған бағдарламаның алдыңғы нұсқасы үшін жеке орнату пакетінің қалғанын қаласаңыз, осы параметрді таңдаңыз. Жаңа жеке орнату пакеті басқа қалтада орналасқан.
    • Бар жеке орнату пакетін пайдалану. Бар жеке орнату пакетін пайдалануды қаласаңыз, осы параметрді таңдаңыз. Пакет жасау процесі іске қосылмайды.
    • Бұрыннан бар жеке орнату пакетін қайта құрастыру. Дәл осы бағдарлама үшін жеке орнату пакетін тағы да жасағыңыз келсе, осы параметрді таңдаңыз. Жеке орнату пакеті дәл осы қалтада орналастырылады.
  5. Шебердің Басқарылатын құрылғылар тізіміне жылжыту бетіндегі Құрылғыларды жылжытпау параметрі әдепкі бойынша қосулы. Желілік агентті орнатқаннан кейін, клиент құрылғысын қандай да бір басқару тобына жылжытқыңыз келмесе, осы параметрді қосулы күйде қалдырыңыз.

    Желілік агентті орнатқаннан кейін, клиент құрылғысын жылжытқыңыз келсе, Тағайындалмаған құрылғыларды осы топқа жылжыту параметрін таңдаңыз және клиент құрылғысын жылжытқыңыз келетін басқару тобын көрсетіңіз. Әдепкі бойынша, құрылғылар Басқарылатын құрылғылар тобына жылжытылады.

  6. Шебердің келесі бетінде, жеке орнату пакетін жасау процесі аяқталғаннан кейін, Дайын түймесін басыңыз.

    Автономды орнату пакетін жасау шебері жабылады.

Жеке орнату пакеті жасалып, Басқару серверінің ортақ қатынасы бар қалтасының PkgInst салынған қалтасына орналастырылған. Орнату пакеттері тізімінің үстінде орналасқан Автономды пакеттердің тізімін көру түймесін басып, жеке орнату пакеттері тізімін қарап шыға аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын Kaspersky Security Center Web Console көмегімен орналастыру

Басына оралу